Қарағандыда шахтадағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы белгілі болды
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасында Ленин атындағы шахтада болған апаттан зардап шеккендер туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, шахтада жарылыс кезінде екі адам зардап шеккен. Қазір олар Қарағанды қаласындағы Облыстық медициналық орталықтың токсикологиялық бөлімшесінде жатыр.
"1969 жылы туған науқас 14 қаңтарда сағат 15.33-те түскен. Диагноз: шахта газдарымен, оның ішінде орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен жедел ингаляциялық улану. Токсикологиялық энцефалопатия. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлыққа жақын.
 
1997 жылы туған науқас 14 қаңтарда сағат 15.33-те түскен. Диагноз: шахта газдарымен, оның ішінде орташа ауырлықтағы улы газбен жедел ингаляциялық улану. Токсикологиялық энцефалопатия. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлыққа жақын", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада апат болды. Төтенше жағдай кезінде тереңдікте 137 адам болған, олардың біреуін құтқарушылар әлі де іздеуде. 
Бұл шахта - "АрселорМиттал Теміртау"АҚ-ға тиесілі.