Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты
Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндері 09-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет хабарлауынша, еліміздің кейбір аймақтарында қар жауады.
“Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен, тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі”, – делінген ауа райы болжамында.
Синоптиктердің айтуынша, еліміздің солтүстік-батысында күн бірте-бірте жылынады.
“Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кейде найзағай мен қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандары ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады”, – деді синоптиктер