Қар аралас жаңбыр: 13 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасады

Қар аралас жаңбыр: 13 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 тамызда республиканың 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман түседі. 14 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі бар.

 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

 

Жетісу облысының таулы аудандарында толассыз жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

 

Ақмола облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Маңғыстау облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус аптап ыстық болады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Алматы облысының шығысында, таулы аудандарда кей уақытта толассыз жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

 

Алматыда кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста