Қапалдан бір дорба көне ақша табылды

Өткен жылы Ақсу ауданы Қапал ауылының тұрғыны Еламан Валишанов өз бақша­сынан бір қап көне тиын тауып алған бола­тын. Ұзын-ырғасы 132 дана бұл жәдігерлер­ді Алматы облыс­тық тарихи мұраларды қорғау орталы­ғының директоры Есет Дәуренбаев Алматы қаласындағы Орталық мұражайға жеткізген. Ғалымдар­дың төрт-бес ай шамасында­ғы зерттеу­лерінен кейін тарихи құндылықтардың XII-XVIII ғасырлар аралығындағы кезең­дер­ге жататыны анықталған.
Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл әр кезеңдердегі тиындарды жинастырған коллекционердің топтамасы болуы ықтимал. Көне қазынаның ішінде Қытай тиындары да бар көрінеді.
Әзірге бұл жәдігерлер Қапалдағы ақын Сара мұражайында тұр.
Кәкен БЕЙСЕМБЕКҰЛЫ, М.Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайының директоры:
–  Бүгінгі күні қапалдық отбасы тауып алған әрбір монетасын 50 мың теңгеден бағалап отыр. Жалпы жәді­гер­лерді сатып алуға қаржы жылдың басында бөлінеді. Сондықтан бұл мәселе келесі жылы қарастырылады.

Ол үшін 2014 жылы эксперттік комис­сия шақырып, оның құрамына ғалымдар­ды тартамыз деп жоспарлап отырмыз. Монеталарды сатып алу, оның құнын белгілеу мәселесі комиссия қорытындысы шыққаннан кейін анықталатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста