Қаныш Сәтбаевтың туған күні қарсаңында ғалымның аты берілген көше салтанатты түрде ашылды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында Қаныш Сәтбаев көшесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды «Астана ақшамы» газеті.
Салтанатты жиынды ашқан білім ордасының ректоры Ерлан Сыдықов қоғамдық пікірге қозғау салып, кешегі күнге дейін Левон Мирзоян «иемденген» көшеге Астана қалалық мәслихатының шешімімен халқымыздың біртуар ұлы академик Қаныш Сәтбаевтың есімі берілуіне қалың көпшілік пен Еуразия университеті ұжымының елеулі үлес қосқанына тоқталды.
– …Және осы ғұлама ғалымның туған күні қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отырған іс-шара үстінде университетіміздің бас ғимараты сол Қаныш Сәтбаев көшесіндегі 1-ші үй екенін ерекше мақтанышпен атап өтемін! – дейді қуанышын жасырмаған мекеме басшысы.
«Қазақ елінің басына түскен кешегі зұлматты кезеңде билік бишігін ұстаған Левон Мирзоянның да ұлт зиялыларын қудалап, қырып-жоюға тікелей атсалысқаны бүгінгі күні баршаға белгілі. Бұл – әділдік жеңісі!..
Жаңа осы сіздер шақырған салтанатты жиынға келе жатып, Қаныш Сәтбаевқа қатысты тағы бір оқиға есіме түсті.
1941 жылы фашистік Германия Кеңес Одағының шекараға таяу орналасқан негізгі марганец көзі – «Никополь марганец» кенішін басып алды. Сөйтіп, зауыттар «марганец аштығына» тап болды. Бұл биыл 70 жылдығын атап өткелі отырған Ұлы Отан соғысы тарихында «Марганец хикаясы» деп аталады…
Кеңес Одағының алдында «Не өмір – не өлім» мәселесі тұрды. Сталин өзінің бірінші бұйрығын Шығыста танк өндірісін қауырт ашуға арнайды. Ол үшін марганец керек.
Сонда Қаныш Сәтбаев ағамыз Жезқазған іргесіндегі «Жезді» кенішін ашуды ұсынады және оның жұмысын Сталиннің өзі телефон арқылы күнделікті қадағалап отырады. Осылай, өндіріс тарихында болмаған қысқа мерзімде – 38 күнде ашылған кен орны 1942 жылы 12 маусымда танк зауытына өте бай марганец рудасын жөнелтеді.
Бұл – ерекше жаратылған сегіз қырлы, бір сырлы ғұлама ғалымның бір қыры ғана. Сондықтан, бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын!» деп әңгімесін түйіндеді Ұлттық ғылым академиясының академигі Жабайхан Әбділдин.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста