Қант қызылшасын жинау қызу жүргізілуде
Қараша айының алғашқы күнінен бастап Меркі қант зауыты Қордай, Шу, Тұрар Рысқұлов, Меркі аудандарындағы егіс алқаптарынан жиналған қант қызылшасын қабылдай бастады. Облыста қызылша өндірісін өркендету мен қант өндірісін дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын.
2009 жылы қант қызылшасы облыс бойынша 1 679 гектарға егілсе, 2010 жылы 5 933 гектарға егіліп, оның 4 800 гектарындағы өнім жиналып алынған болатын. Бұрынырақта облыста 42 мың гектарға егіліп, гектарынан 300 центнерге дейін өнім жиналып алынатын. Бүгінгі көрсеткіш оған жуықтамаса да, алдағы уақытта осы деңгейге жеткізу жоспарда бар.
Мұрат Әсілбеков, Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы:
– Биыл қант қызылшасы 7 028 гектарға егілді. Қазан айының соңына дейін 1 553 гектардың өнімі жиналып алынды. Ол 22,1 центнерді құрап отыр. Бар жиынтығы 32 345 тонна болса, орташа өнімділігі гектарына 208,3 центнерді құрап отыр. Өткен жылы қант қызылшасының өнімділігі гектарына 136,6 центнер болса, биылғы өнімділік одан жоғары.