«Қамқор» қайырымдылық концерті

«Қамқор» қайырымдылық концерті

Жақында Өнер академиясының студенттері өнер көрсеткен «Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық іс – шарасы өткізілді.
Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары бар, сонымен бірге олардың тарапынан түрлі іс – шаралар да өткізіліп тұрады. Өнер Академиясы мен «Қамқор» әлеуметтік үйінің бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық концертіне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Н.А. Тогузбаева, Өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Ш.Әлімжанова мен студенттері, аға оқытушылар Қ.Е.Тауенов пен М.О.Жұмағұлов қатысты.

Ізгі шараның негізгі мақсаты: қарттарға көмек көрсету және қамқорлық сезімін қалыптастыру. Аталмыш шарада Өнер ордасының «Музыкалық өнер» , «Хореография» , «Театр өнері» факультетінің талантты жастары өнерлерін паш етті. Сонымен қатар халық әндері мен күйлері орындалды. Әлеуметтік үйдің қарт тұрғындары өткізілген мерекелік жиынға орай өздерінің алғысын білдірді. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ректоры Азамат Сатыбалдыны қайырымдылық акциясын қолдаудағы әрі бұл саланы дамытудағы қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. Осындай қайырымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.


Нұрахметова Камила , Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1 – курс студенті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста