Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов “QazaqGaz” және "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниялардағы қызметінен кетті

Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов “QazaqGaz” және "ҚазТрансОйл" ұлттық компанияларының басқарма төрағалары қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Шәріпбаев

Ақпаратты "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі растады.

Белгілі болғандай, қос басшы 14 қаңтардан бастап өз өтініштері бойынша босатылған.

""QazaqGaz" Ұлттық компаниясы "АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес, "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы ретінде Қ.Қ. Шәріпбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретінде Д.г. Досановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", –  делінген хабарламада.

Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев 1963 жылы 16 тамызда туған. 1985 жылы – Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1999 жылы-Алматы мемлекеттік университетін бітірген. "Экономист" мамандығы бойынша, саяси ғылымдарының кандидаты.

2020 жылғы қарашадан бастап "ҚазТрансГаз "ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды (2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап – "QazaqGaz "Ұлттық компаниясы" АҚ).

Ал Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, сондай-ақ Джорджтаун университетінің (АҚШ) іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА) дәрежесіне ие.

2016 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. 2016 жылғы тамызда "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры болып тағайындалды.

Еске салсақ, қаңтар айының басында газ дағдарысындағы “QazaqGaz” және "ҚазМұнайГаз" кінәсін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста