Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жастар арасындағы қазақ тілі білгірлерінің X республикалық «Тіл – парасат» байқауы болып өтті.
Байқауды мемлекеттік тілді одан әрі дамыту және дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жағдайлар комитеті ұйымдастырды.
Салтанатты рәсімге көрнекті қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялылары, ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы АСЫЛОВ Қуаныш Жұмабекұлы қатысты.
Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов өзінің алғы сөзінде Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
Қ. Асылов: Тілдерді дамыту арқылы бірлікті нығайтамыз
Последние статьи автора