Президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды.
"Президенттік клиника Павел Шолоховтың туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады. Павел Иванович - медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы уролог-дәрігер, Клиниканың ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі, 20 жыл бойы медицина саласында қызмет етті", - деп жазылған клиниканың Facebook-тегі парақшасында.
Әріптестері мен пациенттері Павел Шолоховты кәсіби біліктілігі мен адамгершілігі үшін құрметтегені жазылған. Павел Шолох 54 жасқа қараған шағында көз жұмғаны айтылып отыр.
Бұған дейін, 11 шілдеде белгілі уролог-хирург Әділжан Хамзиннің көз жұмғаны туралы хабарланған еді.
Дәл сол күні Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қалихан Қозбағаров қайтыс болды.