Президенттік институт: әлемдік һәм қазақстандық тәжірибе сабақтастығы

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Осынау алғаш рет аталып отырған мерекелі күннен тура 20 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президенттігіне бүкілхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаевқа 8 681 276 сайлаушы немесе дауыс беруге қатысушылардың 98,78%-ы дауыс берді. Сол тарихи кезеңнен басталған президенттік институт бүгінге дейін өз өміршеңдігін дәлелдеп, жасампаз Қазақстанның саяси-экономикалық дамуының қозғаушы тетігіне айналды. Уақыттың сынынан өткен президенттік институт бүгінгі саяси басқару жүйесінде өзінің әртүрлі өкілеттіктері мен сан алуан мәртебесіне қарамастан әмбебап, икемді үлгі болып саналады. Себебі президенттік институт моделінде мемлекет басшысының заңдылық, келісім мен тұрақтылық сақтаудағы жауапкершілігі жоғары және сайланбалы демократиялық қағидаттар әрдайым үстем тұрады.

Әлемдегі сан алуан президенттік институт
Жалпы әлемде мемлекеттік құры­лы­мында президенттік институт қалып­тасқан шамамен 140-тан астам ел бар екен. Географиялық тұрғыдан сол­түс­тік­аме­рикалық, латын­аме­ри­ка­лық, еуро­палық, афро-азиялық және шығыс­еуропалық модельдері қа­лыптасқанын айта кеткен  жөн. Британ монархиясынан бас тартқан АҚШ-та бір мезетте мем­лекет және үкімет бас­шы­сы болып табы­латын президент лауазымы пайда болды. Бұл әлемдегі тұңғыш прези­дент­тік басқару нысаны еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-тың үлгісімен Латын Аме­ри­ка­сында да президенттік басқару фор­ма­сы орныға бастады. Ол кезде Еуропа құрлығында британдық пар­­ламентарлық немесе кабинеттік (мо­нарх және парламентке есеп беретін премьер-министр) басқару жүйесі та­нымал-тұғын. 1848 жылдан бастап кәрі­құрлықта тек Франция мен Швей­царияда президенттік лауазым бекі­тілді. Қалған Еуропа елдері ХІХ ғасыр­дың аяғына дейін монархиялық жүйе­­­ден бас тарта қоймады. І дүние­жүзілік соғыстан кейін Австрия, Вей­мар республикасы, Чехословакия, Поль­ша, Эстония, Литва, Латвия, Түр­кия елде­рін­де жоғары лауазымды тұлғалар президент болып саналды.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында Азия­дағы Филиппин, Сирия, Ливанда пре­зиденттік институт қанат жайды. ІІ дү­ниежүзілік соғыстан соң Италия, Грекия, Пор­тугалия, Исландия және Мальта пре­зиденттік республикаға айналды. Іле-шала Азияның Оңтүстік Корея, Оңтүстік Вьетнам, Тайвань, Үндістан, Пәкістан, Бан­гла­деш, Ирак, Иран, Ауғанстан елдерін пре­зидент басқаратын болды. 50-60 жыл­дары тәуелсіздік алған Африканың барлық дерлік мемлекеттерінде президенттік инс­титут берік орнықты.
Тарихта президенттік институттың конституциялық өкілеттігі әр елде әрқалай қалыптасты. Мәселен, АҚШ пен Мекси­када президент мемлекет басшысы әрі үкімет басшысы деген дуалистік қызметті қатар атқарып келеді.
Италия мен Германияда президенттік лауазым халықаралық-құқықтық қатынас­тарда өкілеттік етумен шектеліп, атқарушы билік премьер-министрі мен канцлерге жүктелген. Сол сияқты Финляндия, Үндіс­тан­да формальды түрде президентке өкі­лет­тіктер берілгенімен, премьер-ми­нистрдің құзыры жоғары болып есепте­ле­ді. Сайып келгенде, Еуропа елдерінде салыстырмалы түрде әлсіз өкілеттіктерге ие президенттік институт тән болса, Латын Америкасы, Азия және Африка мемлекет­терінде құзыреті күштірек президенттік институт орныққанын ескерген жөн. Дегенмен қазіргі кейбір Латын Америкасы елдерінде тұлға президент лауазымына бір мәрте сайлана алады. Кезінде Сталин де Жоғарғы Кеңес президиумында кол­легиялық президенттік өкілеттік алуды жақ­таған екен. 1964 жылы Н.С.Хрущев пре­зиденттік туралы мәселе көтерген, алай­да іс жүзінде бұл да аяқсыз қалды.

Әлемдегі президенттік институт географиясы:
АЗИЯ – 30
АМЕРИКА – 24
АФРИКА – 50
ЕУРОПА – 32
ОКЕАНИЯ – 7

Президенттік институттың қазақстандық моделі
Кейбір елдерде тұңғыш президент лауазымын атқарған тұлғалар ұлттың саяси көшбасшысы мәртебесіне ие болып жатады. Оның жарқын мысалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік жолы, жасампаздықпен өрілген өмірбаяны.  
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан­дағы президенттік институт француздық үл­гіге ұқсас. Олжас Сүлейменов күшті пре­зиденттік республиканың сипаты Нұр­сұл­тан Назарбаевтың жарқын тұлғалық қа­сиетімен тығыз байланысты екенін атап көрсеткен еді. Қазақстандағы президенттік институт тәжірибесі демократиялық даму­ға жасалған нық қадам мен өркениеттік саяси жүйе құрудың алғышарты десек болар. КСРО күйрегеннен кейінгі тоталита­ризм­нің ауыр мұрасы, тоқыраған эконо­мика, құлдыраған  халық шаруашылығы жағ­дайында, көпэтникалық, көпконфес­сия­лық мемлекетте тәй-тәй басып, қаз тұр­ған президенттік институттың сәтті тә­жіри­бесі өзге елдерге үлгі екенін Кем­бридж университетінің профессоры Сид­харт Саксена да қуаттады. «Құрылғанына бар болғаны 20 жыл ғана болған Қазақ­станда президенттік институты зор мәнге ие, оны асыра бағалау мүмкін емес – мұны түсіну керек. Жүргізіп отырған саясатының арқасында ол барлық үш: саяси, әлеу­меттік, экономикалық мәнді сіңірген», – деп бағалады Сидхарт Саксена.
Шындығында, президенттік институт сан алуан Қазақстан қоғамын топтастыру­шы фактор ретінде мойындалды.
Әрине, 1991 жылы 1 желтоқсанда Қа­зақ­станда орныққан президенттік инсти­туттың жолы оңайға түскен жоқ, қалыптасу эво­люциясынан өтті. 1993 жылғы Консти­ту­ция­да Президент өкілеттігі біршама кеңей­тілгенімен, Жоғарғы Кеңеспен қарым-қаты­насы қарама-қайшылықты жағдайда қал­ды. Жоғарғы Кеңес пен Президент өкі­леттіктері бір-бірін қайталап, аумалы-тө­кпелі заманда болашақ үшін батыл стра­тегиялық шешім қабылдауға кедергі кел­тір­мей қоймады. Сол кезде Жо­ғар­ғы Ке­ңес күшті өкілеттікке ие болға­ны­мен, же­дел шешім қабылдауда, икемді жұмыс ат­қару­да, тиімді басқаруда ебедей­сіздік таны­тып жатты. Саясаттанушы Нұр­­лан Сей­дін жазғандай, 1995 жылғы Ата Заң ел эко­но­микасының, әлеуметтік-саяси жүйе­сінің дамуын жеделдетті, халықтың саяси белсенділігін арттырды. Мемлекеттің тілі, жер мәселесі, азаматтық алудың жол­да­ры, Парламенттің қос палаталық жүйесі бел­­гі­ле­ніп, Президенттің құзыреті, сот тө­ре­­лігі­нің қызметі, Конститу­циялық Кеңес­тің өкі­леттілігі сияқты күрделі мәселелердің бар­лығы 1995 жылғы Конституцияда ше­шімін тапты. Өтпелі кезең­де бұл Ата Заң пре­­зиденттік инсти­тут­тың ширақ әрекет етіп, кеше мен келе­шектің тұрғысынан дұрыс стратегиялық ше­шімдер қабыл­дауы­на септігін тигізді. Сол кезде көзі ашық аза­мат­тар өкілеттігі күшті президент­тік инс­титут енгізудің ма­ңы­зын түйсінген еді. Сая­си-экономикалық ре­формаларды бел­сенді іске асырған, ұлт­ара­лық татулық пен діна­ралық тұрақты­лық­тың негізін қалаған, әлемдік қауымдас­тық­та өміршең инициа­тивалардың гене­ра­торы болған күшті президенттік институт осын­ша аз уақыт аясында өзін ақтап қана қой­май, өзіндік қазақстандық моделін қалып­тастырды да. Сондықтан Қазақстан­дағы пре­зиденттік институт пен Тұңғыш Прези­дентт­ің орасан зор саяси-тарихи рөлін өзара сабақтастыр­май қарау мүмкін емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ға­лам­­дық деңгейдегі көшбас­шылық қа­сиеттерге ие, жаһандық ауқым­дағы пара­сат-пайым мен мүлде жаңа ойлауға бейім екенін, прагматизм, ұлт­жан­дылық, ты­ным­сыз ізденіс, қауырт жұмыс­ты серік еткен сарабдал қайраткер екендігін әріп­тес­тері мен қызметтестері тамсана айтып жүр. Сарапшылар Тұңғыш Президент Н.Назар­баевтың феномені ретінде ке­ңес­тік артта қалған елді ТМД-дағы ең­селі, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, жаһан­дық ядролық қаруға қарсы қозға­лыс­тың көшбасшысына, ха­лық­аралық бе­делі жо­ғары, сан салалы көр­сеткіштер бо­йынша қуат­ты елге айнал­ды­руын ерекше ай­тады. Алаш абыройын асырған ЕҚЫҰ мен Ислам ын­тамақтастық ұйымына төр­аға­лық, тұғы­ры­мызды биік­тет­кен Азиада ойындары, ЕХРО – 2017 халықаралық көр­месін Аста­на­да өткізу мәр­тебесіне ие бо­луымыз Тұң­ғыш Прези­ден­тіміздің ерен ең­бегінің, са­рабдал сая­с­а­ты­ның, халықтың Ел­басыға зор сенім ар­туының арқасы болса керек.

Ой-тұжырым
Елдегі президенттік институттың жетістіктері мен кемелденуін Тұңғыш Президенттің есімімен және қайраткерлік қызметімен тығыз байланыстырамыз. Немістің белгілі ғалымы Макс Вебердің өз зерттеулерінде күшті президенттік билік моделін қолдағаны тегін болмаса керек. Себебі бұл президенттік институттың заманға сай ілкімді жұмыс істеп, елдің өркендеуіне жол салғаны анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста