Президент Жолдауы. Бір жылдан кейін: сенаторлар реформаларды жүзеге асыру туралы айтты
Осыдан тура бір жыл бұрын, 2022 жылғы 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру қажеттігін мәлімдеді. Мемлекет басшысы жариялаған құжат ел үшін шын мәнінде тарихи болып шықты. Azattyq Rýhy тілшісіне Сенат депутаттары Қазақстанда өткен кезеңде жүргізілген ауқымды саяси өзгерістер мен жаңғыртуларға қатысты ойларын айтты.
Сенаторлар ең алдымен Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуына назар аударды. Олардың пікірінше, Мемлекет басшысы бұл ұсынысты халық пен ел үшін бір жыл бұрын айтқан болатын. Депутаттардың пайымдауынша, үш өңір қазіргі уақытта жеткілікті қаржы алып, аяққа тұрып жатыр.
Сенат депутаттары елдегі саяси жаңғыруды дұрыс және уақтылы деп атады. Оның негізгі міндеті азаматтардың мемлекетті басқарудағы, оның ішінде сайлау процестері арқылы рөлін арттыру болып табылады. Осыған байланысты олар жергілікті жерлерде бәсекеге қабілетті саяси орта құратын және халықтың жаңа беделді саясаткерлерінің пайда болуына қосымша мүмкіндіктер ашатын аралас сайлау жүйесіне көшуді құптады.