Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында 14-16 ақпан аралығында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу мақсатындағы жұмыстарды жандандыруға бағытталған "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мүдделі органдармен бірлескен полицейлер, аулалар мен пәтерлерді аралауда. Қолайсыз отбасы мен профилактикалық есепте тұрған, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды тексеруде.
Нәтижесінде іс-шараның екі тәулігінде 428 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 2281 адам тексерілді. Оның ішінде 449-ына қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Ал 114 тұрғынға ерекше талаптар белгіленген және 225-і қолайсыз отбасы.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, 155 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылды. Сот 32 адамға мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіледі. Оған қоса профилактикалық есепке алкоголь мен есірткі пайдаланатын 80 адам, тұрмысы нашар отбасылар қойылды.
Сондай-ақ "Тұрмыс" іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 150-ден астам дәрістер мен профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі