Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А.Мұсырманқұлов пен прокурор Сәрсенбай Жеңістің төрағалығымен мақтааралдық тергеуші, анықтаушы, жедел уәкілдерге арнайы жиын өткізілді.
Іс-шара кезінде жеке құрамға жұмыста қолдану мен орындау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жазаны орындау сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық таныстырылды.
Сонымен қатар тәртіп сақшыларына адам құқықтары мен бостандықтары, конституциялық құқықтарының бұзылмауына баса назар аудару қажеттілігі айтылды. Электрондық қылмыстық істерді «үш буынды» тергеу бағытына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі