Түркістан облысы Полиция департаментінің полиграфолог маманы полиция капитаны Сұлушаш Көшімбетова мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ психологы полиция капитаны Айгерім Исаева, аудан полицейлеріне арнайы психологиялық тренинг өткізуде.
Аталған маңызы зор шара Жетісай аудандық полиция бөлімінде ұйымдастырылды. Тренинг барысында жеке құрам қызметкерлері мен басшы құрам арасындағы қызметтік-жауынгерлік жағдайларда кәсіби міндеттерін сенімді орындауы, олардың психологиялық тұрақтылықтарын арттыру мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар полицейлер психодиагностикалық тесттен өтіп, моралдық-психологиялық климаты зерделенді. Бөлімдегі жас мамандармен жұмыстар атқарылып, олардың бойында сенімділік қатынасты дамытуға, позитивті өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, қызметкерлерді психологиялық икемділікке бағытталған психологиялық тренинг сабақтары өткізілді. Сондай-ақ ІІО қызметкерлерінің күйзеліске төзімділік деңгейін арттыру, жедел-қызметтік іс-әрекеттің күрделі стресстік жағдайларында өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты жаттығулар жүргізілді. Жалпы барлық мемлекеттік қызметшілер сияқты, қоғам тыныштығын күні-түні күзетіп жүрген полицейлер де психологиялық тестілеуден ұдайы өтіп отырады. Мұндай семинарлардың басты мақсаты: полиция қызметкерлері арасындағы моральдық-психологиялық климатты жақсарту.
Тренингтік жаттығулар мен іскерлік ойындарға белсене қатысқан қызметкерлер ерекше көңіл-күймен тарқасты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі