Полицейлер тұрғынды тонап, ақшасы мен телефондарын тартып алған күдіктілерді ұстады

Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Келес ауданының тұрғынын тонап, оның қымбат телефондары мен ақшасын алып кеткен күдіктілерді ұстады.
Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов мәлімдеді: "Келес аудандық полиция бөліміне брокер болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өзін түнде белгісіз біреулер ұрып-соғып, ішінде 360 мың теңге, 2000 АҚШ доллары және 57000 рубль, сондай-ақ "Iphone" маркалы екі телефоны болған барсеткасын тонап кеткенін хабарлады. Келтірілген материалдық шығын шамамен 2 700 000 теңгені құрады.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша тіркелді. Қылмысты ашуға Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел-тергеу тобы мен Келес АПБ қызметкерлері жұмылдырылды. Полицейлер куәлардан жауап алып, жақын маңдағы аумақтарды қарап шықты. Осылай жүйелі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, біз 6 күдіктіні анықтап, ұстадық. Олар Келес ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден заттай дәлел ретінде екі ұялы телефон мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктілердің екеуі Келес ауданындағы кеден бекеті аймағында жұмыс істейтіні, олар жүк көліктерінің жүргізушілері мен брокерлерді бопсалаумен айналысқаны анықталды.
Қазіргі уақытта осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы мен оқиғаның мән - жайы анықталуда", - деп қорытындыланды полиция полковнигі Қ.Сахов.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста