Полицейлер құжатсыз көлік басқарған жүргізушіні жауапқа тартты
Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде "Лада Гранта" жүргізушісі көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан көлік тізгіндегені анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Анықталғандай, бұл жүргізуші 2021 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жүргізуші куәлігінсіз, сондай-ақ мас халде көлік жүргізбеуге кеңес береді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу