Полицейлер оқушыларға нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастардың бойында есірткіге тәуелділік пен нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында, Жастар орталығымен бірлесіп, Сауран ауданының оқушыларына арналған семинар ұйымдастырды. Сондай-ақ іс-шараға Шорнақ ауылындағы А.Байтұрсынов орта мектебінің нарколог-дәрігерлері, психологтары мен әлеуметтанушылары, оқытушылары мен 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар балаларға "Нашақорлық пен дәріханалық нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Тыйым салынған заттардың жасөспірім ағзасына теріс әсері туралы айтылды.

Сонымен қатар есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы бейнероликтер көрсетілді. Одан бөлек есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік бары ескертілді.

Семинарға 50-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олар өз кезегінде полицейлер мен мамандарға тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

Полицейлер мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты - жасөспірімдерге есірткі затына тәуелділіктің зияны мен оның жас ұрпақтың денсаулығына тигізетін зардаптарын түсінуге көмектесетінін атап өтті. Сондықтан оқушыларға спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды бұзбауға кеңес берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста