Полицейлер 2 тәулікте заңсыз жұмыс істеп жүрген 131 шетелдікті анықтады
Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон бойынша жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау, болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында «Мигрант» шарасын өткізуде.
Мәселен іс-шараның 2 тәулігінде «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының талаптарын бұзып, уәкілетті органның рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеп жүрген 131 шетелдік анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағымен әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде 50 шетелдік республика аумағынан аластатылды.
Сонымен қатар шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен-65, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған-14 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды. Бұл қазақстандықтар ҚР ӘҚБтК-нің 518, 519-баптарының талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Жалпы айта кетсек, аталған шара Түркістан облысы аумағында заңсыз көші-қонның дәйектерін анықтау және күресу, шетелдіктердің Қазақстан Республикасы аумағына келуі, болуы және Қазақстан Республикасынан кету ереже талаптарын бұзған шетел азаматтарын анықтау болып табылады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі