Петропавлдық түлектер көшет отырғызды

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында 3400-ден астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Олардың 153-і «Алтын белгіге» үміткер. Ал Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 129 оқушы тәмамдады. Жастар «Түлектер аллеясына» ағаш отырғызып, өздері білім алған мектебіне ерекше тарту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

 

Солтүстік Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта соғылды. Мерекелік шаралардың барлығы ашық аспан астында ұйымдастырылды. Тек салтанатты шара уақыты және қатысатын адамдар саны шектеулі болды.

Оқушылар мен ата-аналар қауымын маңызды мерекемен құттықтаған Петропавл қаласындағы НЗМ директоры Данияр Уәлиев шәкірттерге ақ тілегін жолдады.

«Құрметті түлектер, Сіздерді бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын. Бұл күн әр адамның жадында мәңгіге сақталады. Сіздерге табысталар аттестат – мектепті аяқтау туралы құжат қана емес, үлкен өмірге жолдама. Болашақта тек жақсы жетістіктер, жоғарғы көрсеткіштемен қуанта беріңіздер. Жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосатындықтарыңызға сенімдімін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын! Ақ жол, сәт сапар тілеймін, жас түлек», - деді Данияр Уәлиев. 

Мектеп қабырғасында оқу мен қоғамдық өмірде алдыңғы шептен көрінген түлектер марапатталды. Мерекелік шараның көркін әдемі вальс аша түсті. Салтанатты шараны «Түлектер аллеясы» ағаш отырғызу рәсімі түйіндеді. Аллеяда қайың, қарағай, терек сынды тағы басқа ағаштар бой түзейді.

«Бүгінгі шәкірт ертең маман болып, сүйікті алтын ұясына оралғанда жас көшеттер оларды үлкен ағаш болып қарсы алады. Біздің бүгінгі түлектер осы шыбықтар сынды биікке ұмтылатынына сенімііміз басым», - деді ата-ана Айгүл Самыратова.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста