Петропавлда туған күні қарсаңында үшінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздаған зейнеткер аман қалды, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Петропавл қаласының 81 жастағы тұрғыны көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде тұрады. Оның терезелерінің астында дүкен бар. Өтіп бара жатқан адамдар әженің көмек сұрағаны туралы таңғы сағат 10.00-де хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің келген сәтте дүкеннің шатырында сауда нүктесінің кеңесшілері Денис Григорьев пен Иван Барановский да болған. Әжей терезед отырған. Олардың барлығы бірге зейнеткерге аман-есен түсуге көмектесті.
Әженің жалғыз тұратыны анықталды. Зейнеткердің мұндай экстремалды әрекетіне не себеп болғандығы нақты анықталған жоқ.