27 жылдан кейін баласының перзентханада ауысып кеткенін білген павлодарлық келіншек өтемақы ала алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлемдеді. Баласының перзентханада ауысып кеткенін білген келіншек келтірілген моральдық залал үшін 20 млн теңге талап еткен. Сот арызды қанағаттандырмады.
"Павлодар қалалық соты ерлі-зайыптылардың Павлодар медициналық мекемесінен 20 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. Балалар перзентханада ауысып кеткені туралы жиырма жеті жылдан кейін белгілі болған. Сот шешімімен талап толық қанағаттандырылмады", - делінген қаулыда.
Сондай-ақ, қазір балалар дүниеге келген перзентхана жоқ екені, ал сотталушы оның заңды мұрагері екені белгілі болды. Жауапкер талап арызды мойындамады. Перзентхана таратылған. Бұл сотқа ұсынылған жазбаша дәлелдемелермен расталады.
Ерлі-зайыптылар сотқа талапкер Светлана Педченко мен тәрбиеленіп жатқан қызы арасындағы ана болу мәселесі бойынша генетикалық зерттеу нәтижелерін, соңғысының туу туралы куәлігін, туу туралы акт жазбасынан үзінді ұсынды.
"Бұл дәлелдер талапкердің 1993 жылы Павлодардағы перзентханада баланы дүниеге әкелгенін растайды. Алайда олар жауапкердің талапкерлерге қарсы заңсыз іс-әрекетті жасағандағы кінәсін растамайды", - делінген қаулыда.
Еске салсақ, келіншек 1993 жылы Павлодар қаласының 2-ші қалалық ауруханасында қызын дүниеге әкеледі. Светланамен бірге палатада тағы бір әйел жатқан. Сәбилердің туылуының арасындағы айырмашылық шамамен 20 минутты құрады.
Былтыр Светлана әлеуметтік желіде өзіне қатты ұқсайтын бір қызды көріп қалады. Мұндай сәйкестікке таңғалған Светлана балаларды перзентханада ауыстырып жіберуі мүмкін екенін түсінеді.
Әйел Павлодарға барып, қызбен кездескен. Артынша ДНҚ нәтижесі шығып, Светлана Педченконың өсірген қызы оның баласы болмай шығады. Светлана мен күйеуі қазір аурухнаға шағым түсірген. Светлананың өз қызы жақсы отбасыда өсіп, тәрбиеленген. Алайда Светлана және оның күйеуі әділдікке жетіп, аурухана қызметкерлерін сәбилерді ауыстырғаны үшін жауапқа тартуды жөн санайды.
Ерлі-зайыптылар ауруханадан 20 миллион теңге өтемақы талап екен. Екінші