Періштесі сүндеттеп кетті

Таяуда Сары­ағаш ауданының Тегісшіл ауылында таңғажайып оқиға болды. Осы ауыл­да тұратын Аза­мат Сапарбай есім­ді төрт жасар сәби өзі­нен-өзі сүн­деттеліп қалды. Анасы Үрзияның айтуынша, жалпақ жұртты таңғалдырған бұл ерекше оқиға 2 ақпан күні түнде болған.

Азамат сол күні түнде ұйықтап жатып қатты шошын­ған көрінеді. Артынша қайта ұйқыға кеткен балаға ата-ана­сы ол кезде мән бермейді. Ұлының ішкиімі қан-жоса бо­лып бүлінгенін таңертең бір-ақ бай­қаған анасы бала­ның сүндеттеліп қалға­нын көре­ді. Уақыт оздырмай, де­реу оны дәрі­герге апарып көрсетеді. Дәрігер ба­ланы қа­рап болған соң, оның шүмегі ғайыптан сүндет­телгенін айта­ды. Со­сын кішкентай Азаматты анасы ауыл мол­дасы­на да алып барады. Ал молда да ба­ланы періштесі сүн­деттеген деп қоры­тады. Қазір баланың денсаулығы жақ­­сы. Жалпы, оқиғадан кейін бала маза­сыз­дан­баған екен.
Азамат әлі кішкентай, алдағы тамыз айында бес жасқа толады. Өткен сей­сен­біде Азаматтың ата-анасы қой сойып, ауылдастары мен туған-туыс, дос-жаранға арнап дастарқан жайды. Келгендердің бар­лығы да мұны жақсылыққа жорып отыр.
Ербосын ОРЫН, «Абдул Хамит Хаттани» мешітінің найб-имамы:
– Қазір ғайыптан орын алатын жайттар көп кездесе­тін болды. «Алла» деген жазу­мен туылып жатқан қозы­лар, осындай таң­бамен пайда болған жұмыртқалар. Бәрі де Алланың құдіретімен болып жатыр. Жалпы, дү­ниеге сүндеттеліп келетін бала­лар бар. Оларға «Сүндет» деген ат бері­леді. Бірақ мұндайды бұрын-соңды есті­меп­­піз. Діни кітаптарда да пайғамбар­лардың не саха­ба­лар­дың өмірге келгеннен кейін ғайыптан сүндеттелгені тура­лы еш­қандай дәйек­темелер жоқ. Жалпы, сүндет Мұхам­мед пай­ғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықта­рында ерекше маңызға ие. Сүн­д­ет таза­лық деген сөзбен парапар. Сондықтан мұ­ны тек жақсылыққа жориық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста