15 ақпанда Павлодарда үйлер мен балабақша жылусыз қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме.
"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ Естай көшесіндегі жылу желісінде апат болғанын растаған.
"Павлодарда жылу желісіндегі зақым кесірінен екі көпқабатты үй мен балабақша жылусыз қалды. Жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз", – деп мәлімдеді басылым.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жылу беру қалпына келтіріледі.
"Желідегі зақымға байланысты Естай көшесі, 91 және 95 үйлерде, №9 балабақшада жылу беру уақытша тоқтатылды. "Павлодар жылу желісі" ЖШС мамандары апатты жою жұмыстарымен шұғылданып жатыр", – делінген хабарламада.