Павлодар облысында ажырасқандардың саны артуда. Мұны статистика департаментінің мамандары хабарлап отыр. Айтуларынша, 2018 жылдың қыркүйегіне дейін өңірде заңды түрде неке қиюға 4015 акт тіркелсе, 2411 жұп неке бұздыруға ниет білдерген.
— Неке қиюға ниет білдергендердің саны 6,1 пайызға азайған, ал ажырасу 0,7 пайызға артақан, — дейді Павлодар облыстық статистика департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Жақан ЖӘКЕНОВ.
Айта кетерлігі, тұрмыс құрған қалыңдықтардың арасында 16 жастағы жеті қыз бала кездескен. Ал ең жас төрт күйеу жігіттің жасы 18-де екен. Есесіне, биыл қалыңдық атанған ең үлкен әйледің жасы – 87-де, ал оның заңды күйеуінің жасы – 89-да екен. Осы орайда бүгінде тез үйленіп, тез ажырасатын жұптардың не себепті көбейгенін психолог маманнан сұрап көруді жөн санадық. Владимир УСТИМЕНКОНЫҢ айтуынша, бүгінде адамдар мәдени деңгейінің әртүрлі болуы мен өмірлік құндылықтарының үйлеспеуінен тіл табыса алмай, айырылысып жатады екен.
Павлодарда 87 жастағы әже мен 89-дағы ақсақал үйленді
— Жалпы, адамдарды мынадай деңгейге бөлуге болады. Біріншісі, сарғыш түске жататын адамдар. Олар – менменшіл адамдар, өз күнін көрсе болды. Екіншісі, күлгін түсті адамдар. Олар – барлығын ойлап жүреді, яғни өзі үшін емес айналасындағылар үшін жиі қам жейді. Үшіншісі, қызыл түске жататындар. Олар – билікке құмар келеді. Өзгелерге ешқашан да мән бермейді. Көк түске жататын адамдар да бар. Олар, ылғи бір ережемен, бір тәртіппен өмір сүреді, әскердегі сарбаздар сияқты. Және қызғылт-сары түске жататындар. Олар – өз мақсатына жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын адамдар. Көбіне бизнес саласындағы адамдар осы қатарға жатады. Жасыл түске жататын адамдарды — сенбілік адамдар деуге болады. Олар біреудің айтқанымен жүре береді. Мәселен, өмір бойы көше тазалап немесе күзетші қызметін қанағат тұтатындар бұлар. Және ең жоғары деңгейдегі адамдар – сары түске жататындар. Мұндай адамдар ерекше мәртебеге ие болып, өз өмірін көпшілікке арнайды. Мәселен, жазушы-ғалымдар. Бұл деңгейлерді неге тізіп отыр дейсіз ғой? Өйткені, бүгінде адамдар, жұптар көбінесе дәл осы дейгейлердің және мәдениетінің үйлеспеуінен өзара тіл табыса алмай жатады. Кейін, сұлулығына, басқа да факторларға, тіпті ортақ балаға қарамастан ажырасып жатады, — дейді отбасылық психолог Владимир УСТИМЕНКО.
Психологтың бұл пікірі «Тең-теңімен, тезек қабымен» деген сөзді еске салады. Ал, жергілікті АХАЖ қызметкерлері ажырасудан бөлек, туу мен өлу көрсеткішіне алаңдап отыр. Биылғы тоғыз айда өңірде 8903 сәби дүниеге есігін ашқан. Бұл сан былтырғы жылмен салыстарғанда 262-ге кем. Дүниеге келген балалардың арасында бір үшем мен 92 егіз сәбидің барын айта кетейік. Ал жыл басынан қазан айына дейін аймақта 5529 азамат көз жұмған екен. О дүниеге аттанғандардың 54 пайызы ер адам болса, 46 пайызы әйелдер. Адам өлімнің себептері да сан алуан. Мәселен, 20,4 пайыз – қан айналымының бұзылуынан, 13,7 пайыз жаңадан пайда болған сырқаттардан, 10,7 пайыз тыныс алу жолдарының бұзылуынан қайтыс болған екен.
Осы орайда, статистика мамандары нақты халық санын анықтап қойған. Қазан айының басына дейін Павлодар облысындағы тұрғындардың саны – 753 940 адамды құраған. Оның 532 172-і қала тұрғындары болса, 221 768-і аудан, ауыл жұртын құрап отыр.