Павлодарда қоғамдық тыңдау өткізіліп, кейбір көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар талқыланды. Қоғам тарыпынан ұсынылған 30 атаудың 23-і мақұлданды және жетеуі қабылданбады.
Негізгі баяндамашы ретінде жеті спикер сөз сөйледі және жарыссөзде 11 адам пікірін білдірді. Олардың 17-сі қолдау білдірсе, біреуі тікелей эфирде қарсы сөйледі.
«Бүгінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мен жер мәселелері және қала құрылысы жөніндегі тұрақты комиссия қаланың кейбір көшелерін қайта атау бойынша көпшілік тыңдау өткізеді. Шығармашылық интелегенция өкілдерінен келесі көшелерді қайта атау туралы ұсыныстар түсті: Мир, Ермаков, 29 Ноября, Набережная, Урицкий, Циалковский, Роза Люксембург, Теплов, Первая Южная, Вторая Южная, Парковая, Донецкая, Кубанская, Совхозная, Таганрогская, Кузнецкая, Ангарская, Орловская, Челябинская, Курская, Читинская, Декабристов, Юннатов, Первых Советов, Вторых Советов, Зыряновская, Лесная, сондай-ақ Железнодорожный кенті ауданындағы үш көше: Сливовая, Центральная және Степная», - деді қалалық мәслихат депутаты Қобланбек Қожин.
Тұрақты комиссиялардың мүшелері бұл көшелерді қайта атау туралы ұсыныс соңғы үш жыл ішінде шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен қаланың басқа да тұрғындары тарапынан түскенін айтып өтті.
«2019, 2020 және 2021 жылдардағы барлық өтініштер талданды, содан кейін ұсынылған атаулар жалпы талқылауға шығарылды», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.
Онлайн режимінде талқылау барысында қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары сөз сөйледі. Алайда, ережеге сәйкес, дауыс беруге қалалық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясының депутаттары ғана қатысты. Екі комиссия мүшелерінен барлығы депутат дауыс берді.
Нәтижесінде 23 жаңа көше атауы мақұлданып, жетеуі қабылданбады.
Жаңа атаулары көпшілік тыңдауда мақұлданған көшелердің толық тізімі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс хаттамасы толтырылғаннан кейін жарияланады.