«Пациенттермен жұмыс істеу кәсіби шеберлікті қажет етеді»

Алматы облысының жедел жәрдем станциясының мамандырылған реанимациялық бригадасының фельдшері Өміржан Қуаныш, аталмыш салаға соңғы 9 жылын арнаған. Оның айтуынша, мамандыққа жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені адам тағдырына қатысты шешуші сәтте әр минут санаулы, әр секунд қымбат.
Өміржан 2014 жылы оқу бітірген соң еңбек жолын Іле аудандық орталық ауруханасында бастаған. Кейін медициналық жедел жәрдем көрсету станциясында фельдшер болып жұмыс атқарған.
«Жалпы фельдшер мамандығы қызық. Ал қиындығын тек қана жедел жәрдемде істейтін адамдарғана түсінеді. Көбісі бағаламайды. Науқастың жағдайына дер кезінде баға беру үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді»,-дейді Өміржан Қуаныш.
Маманның айтуынша, қоғамға қауіпті саналатын пациенттерден де шақырту түседі.
«Көктем кезінде психологиялық ауытқуы бар науқастардан жиі шақыртулар түсіп тұрады. Ондай кезде біз 102 қызметімен бірге барып көмек көрсетіп, тиісті органға жеткіземіз. Өйткені олар қоғамға, басқа ортаға қауіпті болып саналады»,- дейді Өміржан Қуаныш.
Сонымен қатар, ол өліммен бетпе-бет келетін кездер болатынын жасырмады. Айтуынша, арнайы бригада болған соң есінен тану, жүрек соғысының тоқтауы болған жағдайда, жол апаты сынды жерлерге шақыртуға барады.
«Әр фельдшер жұмыс барысында түрлі жағдайларды көріп, қатаяды. Бастапқы кезінде өте қиын болады. Адам қолыңда жан тапсырған кезде, өзімді кінәлі санаған кезім болды. Өйткені қанша көмек көрсеткенмен, кейде пациенттің жүрек соғысын қалпына келтіру мүмкін болмай қалады»,-деп толықтырды Өміржан Қуаныш.
Сондай-ақ, ол сегіз жыл бұрын болған оқиға қанша уақыт өтсе де, есінде мәңгі сақталып қалғанын атап өтті. Айтуынша, жаны қалаған жұмыстың әр сәті жадында жатталып қалуы заңдылық дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста