Өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан отандық жұлдыздар жайлы не білеміз?

Отандық шоу-бизнесте өзінен кіші жігітке күйеуге шыққан өнер жұлдыздары жоқ емес. Олардың басым көпшілігі махабаттың жас талғамайтынын айтып, жолдасынан жасы үлкен екенін жасырмайды. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ тілшісі жас айырмашылығы кедергі болмаған жұлдызды отбасыларға шолу жасады. 

Мәдина Сәдуақасова

"Сүйген жүрек", "Жұлдызды түн" әндерімен танылып, халықтың сүйіктісіне айналған Мәдина Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші жігітпен шаңырақ көтерді. Бүгінде олар Ануар есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр.

Мәдина мен Олжас отандық бағдарламалардың түсірілімінде танысқан. 2013 жылдан бастап ресми түрде кездесе бастаған жұп 2014 жылы үйлену тойын дүркіретіп өткізді. 

Алтынай Жорабаева

Танымал әнші Алтынай Жорабаева өзінің өмірлік бақытын кездестіріп, Әлішер есімді азаматпен шаңырақ құрды. Әлішер Алтынайдың өзін ғана емес, оның бірінші некесіндегі төрт қызын да қабылдаған.

Дзюдоға ерекше қызығатын Әлішердің өзінен екі жас кіші екенін Жорабаева әлеуметтік желіде мәлімдеген. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар Түркияда жиі демалады. 

Луина 

Белгілі әнші Луина да өз бақытын жасы кіші жігіттен тапты. Алты жыл бойы продюсерімен байланыста болған әнші сүйіктісінен үйлену туралы ұсынысты сол күйі естімеген болатын. Бұл олқылықтың орнын Артем Обухов толтырды. 

Ғашықтар 2018 жылы танысты. Луинаның өзінен жеті жас үлкен екеніне қарамастан, Артем оған үйлену туралы ұсыныс жасаған. Қазір олар ортақ ұлдарын бірге тәрбиелеуде. 

 

Баян Нұрмышева

"Жайыққа кетем бір күні" әнімен танылып, тыңдарманның жүрегіне жол тартқан Баян Нұрмышева да өзінен кіші жігітпен көңіл қосқан өнер жұлдыздарының бірі. Ол өз бақытын сахнадан тапқан. 2014 жылы Баян танымал әнші Ерлан Орынбасаровтың ұсынысын қабыл алып, жаңа жыл қарсаңында тұрмысқа шықты. 

Ерлан Орынбасаров әйелінен үш жас кіші. Бүгінде олар үлгілі отбасылардың біріне айналған. 

 Жанель Мақажан 

Актриса Жанель Мақажан 2021 жылы актер Абай Асылханға тұрмысқа шықты. Жанельдің жолдасы өзінен 8 жас кіші, бірақ жас айырмашылығы ғашықтардың бірге болуына еш кедергі болмаған. 

Жанельдің бірінші некесінен екі баласы бар. Бүгінде Жанель мен Абай өздерінің бақытты сәттерінен жиі сурет жариялап тұрады. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста