Өзгенің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам анықталды

Өзгенің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам анықталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, жол үстінде кездескен жолаушы оның «Mitsubishi» маркалы автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алынды.
Оқиға орнына жылдам жеткен жедел-тергеу тобы автокөлікті мініп кеткен күдіктіні іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары 3 сағатқа созылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сезіктіні анықтап, полицияға жеткізді.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам жол үстінде жүргізушіні тоқтатып, өзін моншаға апаруын сұраған. Артынан көлік иесінің моншада болған сәтін пайдаланған ол, автокөліктің кілтін алып, діттеген жеріне айдап кеткен.
Полицейлер қолды болған автокөлікті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста