Өткен тәулікте елімізде 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
5 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.