Отандық портал қазақша білмейтіндерге "шала қазақ" төлқұжатын беруді ұсынды

Отандық портал қазақша білмейтіндерге "шала қазақ" төлқұжатын беруді ұсынды

Ана тілін білген адамдар ғана қазақ деп аталуы керек. Ал ана тілін білмейтіндердің төлқұжатына "шала қазақ" деп жазған жөн деп хабарлайды Намыс порталы.

"Қазір "қазақ" деген атқа кім лайық? Ана тілінен жұрдай, салт-санасын ұмытқан дүбәра адамдар да өздерін қазақпыз дейді. Анасы – кәріс, әкесі – орыс Геннадий Головкин де өзін "қазақпын" деп жүр. Егер осылай жүре берсек, болашақта кімнің шынайы қазақ екенін ажырата алмайтын боламыз", - деп жазады портал.

Сол себепті, қазақ дегеннің кім екенін анықтап алуымыз қажет дейді материал авторы.

"Ол үшін басты талап тіл болсын. Яғни, кім ана тілін біледі сол қазақ. Ал ана тілін білмейтіндердің төлқұжатына "шала қазақ" деп жазған жөн", - делінген порталдағы жазбада.

Автордың жазуынша, мұндай тәжірибе бұрын болған. Яғни, ата-бабаларымыз сіңбелерді немесе тілінен безгендерді шала қазақ деп атаған.

"Тіпті олар арнайы куәлік берген. Атақшы шежіре-тарихшы Құрбанғали Халид: "Шала қазақтыққа берілетін менің алдымда бір куәлік жатыр. 1834 жылы ұлты дегенге "шала қазақ" деп жазыпты. 2691 нөмірлі. Бұл Шах Әзім деген кісіге берілген екен. 1885 жылы 99 жасында қайтыс болды" деп жазады. ("Тауарих хамса" Алматы. "Қазақстан", 1992.155-бет)", - дейді автор.

Бұл тәжірибе алғаш Аякөз жерінен басталған екен. Сол кезде осындай куәлікті 10 мыңдай адам алыпты. Автор осы тәжірибені қайтадан жаңғырту керек деп есептейді.

Nur.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста