Өссек 2 мың адамның есін шығарды

Жаңбырдың толассыз жаууы салдарынан өткен сейсенбі күні Алматы облысындағы Өссек өзені тасып, бөгеттерді бұзып кетті. Панфилов ауданы Лесновка ауылындағы 300-ден астам үйдің ауласын тасқын басып қалды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Лесновкадағы төтенше жағдай сейсенбі күні 15 сағат 30 минутта белгілі болды. Арнасынан күрт көтеріліп, сарқыраған өзен бөгеттерді шайып кетіп, елдімекенге жайылған. Аймақтан республикалық дағдарыс орталығына келіп түскен мәліметтер бойынша, су ауылдағы 327 үйдің ауласын басқан. Панфилов ауданы әкімдігінен хабарлағандай, баспаналарға зақым келмеген. Бірақ осы жағдайдың салдарынан ауласын су басқан үйлердің тұрғындары аудан орталығы Жаркентке уақытша көшірілді. Барлығы – 2187 адам. Табиғи апаттың бетін қайтаруға төтенше жағдайларға жауапты мекемелердің 17 техникасы жұмылдырылды. Тасқынмен арпалысуға жергілікті тұрғындар да атсалысты.

Шухрат Құрбанов, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары:
– Ауыл іргесіндегі 70-жылдары салынған бөгет 339 текше метр суды ұстай алады. Бірақ жаңбырдың салдарынан өзеннің деңгейі соңғы 10-15 күн бойы біраз көтерілді. Сейсенбі күні су 400 текше метрге жетіп, бөгеттен асып кетті. Ауылдың өзенге жақын екі көшесін түгел су басты. Біз қауіптеніп, тұрғындарды Жаркенттегі педагогикалық колледж бен интернат ғимаратына көшірдік, бірақ тұрғындар ол жерде отырмай, туысқандарының үйін уақытша паналады. Қазір жағдай қалыпты, өзеннің суы қайтты, тұрғындар үйлеріне оралды.

Әйтсе де Алматы облысында тасқын әбігерінің әлі басылмайтын түрі бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, нөсер жаңбыр мен ауа температурасының көтерілуі салдарынан биік таулардағы қар еріп, өзен-сулар тағы да тасуы мүмкін. Селге қоса, өңірде екпінді жел соғатыны туралы болжам бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста