Өскеменде хайуанаттар бағында 10 жасар қызды қасқыр тістеп алды
Өскеменде хайуанаттар бағында 10 жасар қыздың саусағын қасқыр тістеп алды, деп хабарлайды altaynews.kz сайты.
Ата-анасының айтуынша, кішкентай қыз жыртқышты еркелетіп, сипап көрмек болғанда саусағын қасқыр тістеп алған.
Қыздың ата-анасы ішінде жартқыштар бар қоршауларда қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кеңейту керек деп санайды.
«Бұл жерде менің де кінәм бар, мен өз балама асқан жауапкершілікпен қарауым керек еді. Оны мойындаймын. Бірақ саябақтағы қоршауларда да қауіпсіздік талаптар қатаң сақталмаған. Себебі кейбір торлар жыртылып қалған. Келесі жолы басқа балалар да зардап шегуі мүмкін», - дейді қыздың анасы.
Ал, саябақ әкімшілігінің сөзіне сүйенсек, бұл жерде қазір 320 жануар бар. Барлығы қоршауда тұр және әрқайсының жанында ескерту белгілері қойылған екен. Десе де, тұрғындардың ешқайсы оларды елемейтін көрінеді.
«Біз бұл қоршауларды жануарларға ыңғайлы және келушілерге қауіпсіз болуы үшін кеңейтеміз. Сонда да келушілер жануарларды тамақтандыруға, қол тигізуге, сипалауға болайды», - дейді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының фауна және аймақ бөлімінің биологы Юлия Павленко.