Өскеменде 23 құрылыс компаниясы тұрғындарды үлескерлікке заңсыз тартқан

Өскемен қаласында 23 құрылыс компаниясы тұрғындарды үлескерлікке заңсыз тартқан. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
ШҚО құрылыс басқармасының басшысы Инна Валлдың айтуынша, қазіргі уақытта Өскемен қаласында 48 тұрғын үй салынып жатыр. Бұған 37 компания тартылған.

«Оның ішінде 28 үй құрылысын жүргізіп жатқан 23 компания тұрғындарды үлескерлікке заңсыз тартқаны анықталды. Олар клиенттерге ешқандай кепілдік бермеген, қажетті рұқсаты мен техникалық құжаттамасы болмаған, үлескерлерден жарнаны мерзімінен бұрын есептеген. Ал бір ЖШС 5 қабатты тұрғын үй салуға рұқсат құжатын алғанымен, әлеуметтік желі арқылы сол жерге тоғыз қабатты үй салынатыны туралы жарнама таратқан», - деді ол.
Жиналысқа қатысқан компания басшылары мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес, қысқа уақыт ішінде бүкіл заңсыздықтарды жоятынын жеткізді.

«Осындай заңсыздықтардың салдарынан ертең талай адамның алданып, ақшасынан айырылып қалуына жол бермеу керек. Мердігерлер заңсыз құрылысты дереу тоқтатып, барлық жұмысты тек заң шеңберуінде жүргізуі тиіс», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста