Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 13 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды

Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 13 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері қылмыстық құқық бұзушылықпен күрестен бөлек, қоғамдық орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмауда профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Алайда тұрғындар тарапынан өзінің тұрғылықты мекенжайының тазалығына немқұрайды қарайтын, қандай да бір қоқыс, қалдығын кез келген жерге тастап ластайтындар табылып жатады. Мәселен облыс полицейлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 баптың 1,2-бөлігімен «Ортақ пайдалану орындарды ластау» бойынша 13213 құқық бұзушыға хаттама толтырылды.

Ал тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтағаны: қоғамдық орында коммуналдық қалдықтарды тастау -609, темекі тұқылын тастау -26, қоғамдық орында мас халде жүру -249, қайыршылық -131, белгіленбеген орында сауда жасау -105, қала инфроқұрылым қағидасын бұзу бойынша -109 жайт анықтаған.

Жалпы жұртшылықтың пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығарудың соңы айыппұл арқалауға әкеп соғады. Ал егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, тәртіп бұзушыға ірі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

Осы орайда түркістандық полицейлер облыс аумағында тазалықты сақтауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста