Оралда орманда тұрған отбасының біржарым жастағы қызы Камилла уақытша "Мейірім" балалар үйіне орналастырылды, - деп хабарлайды "Мой город". Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында орманда тұрып жатқан отбасы 2014 жылы қазан айында табылған болатын. Олар полиэтилен пленкаман жабылған шатырда Жайықтың жағасындағы саяжай учаскелерінен төрт шақырым қашықтықта тұрған.
Ювенал полициясының басшысы Гүлшат Ғұсманованың айтуынша, орманда тұрған балалардың анасы Настя Ереминаны ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қозғалған жоқ. "Біз балаларды анасынан уақытша алып кеттік. Біз оған мамыр айына дейін түзелуге уақыт бердік", - деді Ғұсманова. Кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығының басшысы Бекет Дәулетқалиевтің айтуынша, қалған екі қыз әлі күнге кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қамқорлығында. "Үлкен қыз Альбина №17 мектепке барады. Үш жастағы Карина да бізде. Оның қандай өжет қыз екенін көрсеңіздер ғой!", - дейді ол.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы Оралға жақын маңда бір отбасының орманда тұрып жатқаны туралы 10 қазанда БАҚ хабарлады. Адамдар екінші саяжай ұжымының ауданынан табылды. Олар полиэтилен пленкамен жабылған шатырда тұрды. 24 жастағы Настя Еремина мен оның 44 жастағы күйеуі Репек Әбсиметов орманда жаздың басынан бері тұрған. Ереминаның айтуынша, бұрын олар шешесімен бірге тұрған, кейін онымен жанжалдасып қалып, орманға барып тұруға мәжбүр болған. Отағасы жүк тасушы болып жұмыс істейді. Ол Ташкенттен келген, құжаттары жоқ. Орманда тұрып жатқан отбасы репортаждан кейін Оралдың әлеуметтік қызметінің назарына ілікті. Еремина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды, кейін ол мас болып орталықтан қуылды, ал Әбсиметов полицияға тұлғаны анықтау үшін түсті. Балаларды әйелден 4 желтоқсанда алып кетті. Ол кезде ең кішкентай қыз ауруханаға түскен болатын.