Ордабасы ауданындағы каналдардан тасыған су Арыс өзеніне құйылып жатыр

Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы «Найман» және «Құртай» каналдарынан тасыған су Арыс өзеніне құйылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су тасқынына байланысты өзге де аудан, қалалардағы жағдайды саралау мақсатында Төтенше жағдай департаментінде штабтың шұғыл кеңесін өткізді. Жиынға Төтенше жағдай департаменті мен Полиция департаментінің басшылығы, басқарма басшылары қатысты. Өңір басшысы қазіргі ахуалға тоқталып, тасқын су салдарын жою және қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде тапсырма берді.

«Су тасқынының алдын алу бойынша жоспарлар жасалып, тиісті жұмыстар қолға алынды. Қауіпті аймақтарға техника мен күшті жұмылдырып жатырмыз. Бірақ жауын-шашынның мөлшерден артық түсуі, ауа райының күрт жылынуынан қардың тез еруі бірнеше ауылды әбігерге салып отыр. Кеше облыстағы су нысандары мен өзендерді қарап шықтық. Барлық аудан, қалада күшейтілген режимде жұмыс жалғасып, қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс», – деген Дархан Сатыбалды әр ауданда, ауылда келтірілген шығынды есептеу бойынша арнайы комиссиялар жасақтауды тапсырды.
Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов су тасқынына байланысты соңғы деректерді баяндады. Оның айтуынша, барлық аудан, қалада жұмыс күшейтіліп, су нысандары бақылауға алынған. Жауын-шашын көп түсуіне және қардың еруіне байланысты Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарындағы бірнеше ауылдағы үйлердің аулаларын су басты. Еріген қар суы 15 елді мекендегі көшелер мен аула учаскелері арқылы ағып өтті. Қазіргі таңда 13 көше, 186 аула аумағы, 1 тұрғын жеке үйге су кірген. ТЖД күшімен су басқан аула аумағынан 154 адам және 200 бас ұсақ мал эвакуацияланған. Ол адамдар туыстарының үйлеріне жайғасты. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінде, облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесінде су жиналған. Ордабасы ауданындағы Найман және Құртай каналында су деңгейі көтерілді, қазіргі уақытта су Арыс өзеніне құйылуда. Үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 2500 бірлік көлемінде қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Майдантал ауылында суды қашырту үшін жасанды каналдар қазылып, аула учаскелерін су басу қаупі сейілді. Қазіргі уақытта құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын облыс аумағында тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Суды қашыртуға барлығы 308 адам, 51 бірлік техника, 25 мотопомпа, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Өңір басшысы бірнеше басқарма басшысының осы жағдайға байланысты атқарған жұмыстарын саралады. Тапсырмалар берді. Құрылыс басқармасы тарапынан су басқан ауылдарға техникалар жіберілген. Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы жедел медициналық көмек бригадалары жасақталғанын мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы мен жол саласына жауапты басқарма басшылары жолдарды ретке келтіру, автобуспен қамту, облысқа тиесілі каналдарды тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста