Дубайда ашық-шашық киінуге тыйым салынды. Мұны қасиетті Рамазан айы кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріне баратын қазақстандықтар қаперде ұстауы тиіс.
Emirates 24/7 ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтының мәліметінше, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Дубай билігі әмірліктің мұсылмандық келбетін сақтау мақсатында киім кию үрдісінде қарапайымдылық қағидаларын сақтанып, ашық-шашық киінбеу бастамасын көтерді. Осыған байланысты қонақүйлерде Дубайға келген меймандарға әмірліктің салт-дәстүрі мен мәдениетіне сай жабық киіну шарттары жазылған нұсқаулықтар мен парақшалар таратылып, түсіндіріліп жатыр. Арнайы нұсқаулықтарды әуежайлар, сауда үйлері мен басқа да орындардан алуға болады.
Ораза айында ашық-шашық киінбеген жөн
Последние статьи автора