Оралда жол апатынан зардап шегіп, жансақтау бөлімінде жатқан 8 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтарда Желтау (Свистун гора) аумағында жол апатынан жарақат алған сегіз жасар қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Дәрігерлер екі күн бойы қыз баланың өмірі үшін күрескен.
«О бастан-ақ бала өте ауыр халде түскен еді. Жабық бас-ми жарақаты диагнозы болды, миы шайқалып, бас сүйегінің түбі сынған, комаға түскен. Өкінішке қарай, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмадыә, - деп хабарлады департаменттегілер.
Еске салайық, 1 қаңтарда болған жантүршігерлік жол апат болып, Hyundai және Toyota көліктері соқтығысқан. Оқиға орнынан зардап шеккен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі балалар.