Оралда 14 жастағы оқушы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
10 ақпан күні сағат 20:00 шамасында Зарина Нығметова Тополинская көшесі, 1 мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмаған.
"Қыз №34 орта мектепте оқиды. Бойы 162-165 сантиметр. Арық денелі, шашы тік, беліне дейін, қара түсті. Үстінде ақ күртеше, көк шалбар, қара етік болған", - деп жазады. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның қолында Samsung телефоны, қара күрте мен джинсы шалбары бар сөмке болған.
Полиция Зарина Нығметованы көргендер немесе оның қайда екенін білетіндер болса 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды.