Қазақстанның Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабын оқығандардың заңмен қудаланатыны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.
Өткен аптада бірқатар қазақстандық БАҚ беттерінде Рахат Әлиевтің шетелде жарық көрген «Өкіл қайын ата» кітабын оқуға және таратуға тыйым салынатындығы жөнінде ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты кеше Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арнайы түсініктеме берді. Заңгерлердің айтуынша, қылмыстық жауапқа мемлекеттік құпиялар мен заңнамада қорғалатын өзге де ақпараттардан тұратын кітапты оқығандар емес, республика аумағына таратқандар және заңсыз әкелгендер ғана тартылады.
No comment...
Оқығандар отырмайтын болды
Последние статьи автора