Оқушыларға автобуста тегін жүру карталары уақытша берілмейді

Оқушыларға автобуста тегін жүру карталары уақытша берілмейді

Көлік карталарын жеткізушіде логистика бойынша туындаған қиындықтарға байланысты 27 сәуірден атаулы (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын шығару және қайта шығару уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BAQ.KZ сілтеме жасап.

 
Орталық кассада, Р.Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша азаматтардың жеңілдікті және мектеп санаттары үшін көлік карталарын бастапқы шығаруға және қайта шығаруға құжаттар ғана қабылданады. Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде пайдалануға арналған көлік карталары жеткізілгеннен кейін карталар шығарылып, өтініш берушілердің мекенжайларына тегін жеткізілмек екен.

Жеңілдікті немесе мектеп көлігі картасын алғанға дейін, пайдаланушыларға талон беріледі. Талонды қоғамдық көлікте пайдалануға және көліктік бақылау қызметкерлері тексеруі кезінде көрсетуге болады.

«Сондай-ақ, Transcard.kz сайтында онлайн ресімделген өтінімдер карталар жеткізілгеннен кейін өңделетінін хабарлаймыз. Атаулы карталарды шығару жөніндегі қызметті қайта бастау туралы қосымша хабарланатын болады. Атаулы карталарды ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімін Transcard.kz сайтынан көре аласыз немесе iKomek109 бірыңғай байланыс орталығынан 109 нөмірі арқылы нақтылай аласыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста