Павлодар облысының Марғұлан ауылында 19 жастағы жұмысшыны құм басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментіне сілтеме жасап.
“26 шілдеде сағат 15: 40-та Павлодар облысы, Марғұлан ауылында ЖШС-нің бірінде су құбырларын төсеу кезінде 19 жастағы жұмысшыны құм басып қалды. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды”, – дейді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.