Оңтүстікте тасқын салдарын жою жалғасып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы Бестораңғыл елді мекенінде топан су басып қалған үйлердің бесеуі құлап қалды. 30-ға жуық қора-жай қираған. Бұл туралы ақпанның 23-і күні өңірдегі ахуалды тікұшақпен барып көрген Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы өкілдері хабарлады.
Министрлік мамандарының мәліме­тінше, Отырар ауданының Бестораңғыл ауы­лында барлығы 2465 аула тексерілген. Соның нәтижесінде 102 үй мен 300 ауланы су басқаны белгілі болды. Бес үй мен 26 ша­руашылық нысаны құлап қалған. Қазір тасқынның салдары жойылып жатыр.
Д.Алтынбеков, Найманарық және Ка­зен­ный каналдары тереңдетіліп, жиналған су со­ған айдалуда. Елді мекендегі Қажы­мұқан көшесінде тасқыннан қорғайтын бөгет тұрғызылды. Ордабасы ауданында да топан суға қарсы шаралар қауырт. Төрт үйдің ауласы құрғатылды. Санитар-эпиде­мио­логтар 92 үйдің ауласын тексеріп, жұқ­палы індет тарамауы үшін 39 құдықты дезин­фекциялады. Бұл ауданда бұрын басқа паналарға көшірілген 70 отбасы (300-ге жуық адам) үйлеріне қайтып келді. Қазір тасқыннан сақтану үшін Шымкент қала­сының Забадам елді мекеніндегі Бозсауырат арығының жағалауы бекітіліп, тағы екі арық тазартылған. Елді мекен аумағында жиналып қалған қар суы соры­лып жатыр. Табиғи апат салдарын жоюға төтенше жағдайлар саласы жеке құрамының 581 маманы жұмылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста