Оңтүстік Кореядан Қазақстанға депортация жасап қайтарылып жатқан азаматтардың тағы бір легі бірер сағат бұрын ғана Алматы әуежайына келіп қонды. Олар "Құжаттарымыз талапқа сай болса да, бірнеше күн қамауда жаттық, тамақтан тарықтық, билеттеріміз күйіп кетіп, мыңдаған доллар шығынға баттық" деп отыр. Әуежайдан ел азаматтарын күтіп алып, сұхбаттасып келген әріптесім Лаура Биғали әңгімелейді.
Бұл жолаушылар екінші рет Кореяға бармаймыз деп отыр. Себебі ол елден көрген қорлығымызды айтып тауыса алмаймыз дейді. Айтуларынша, екінші сәуірде елімізден ұшқан осы 4 азамат Сеул әуежайына қонған бетте ол елдің көші-қон қызметкерлері еш себепсіз жертөлеге қамаған.
РУСТАМ БОТАНБАЕВ, Турист:
- Условия жоқ, Кола мен бутерброд берді.
Ал, жолаушылар айтқан жертөледе жалғыз Қазақстан емес, Қырғызстанның және Африка елдерінің жүзден астам азаматы қамауда әлі жатыр екен. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен заңсыз қазақ мигранттары "ел имиджін құртып жатыр" деген пікір білдірген еді. Министрлік қазақтар онда ағыла берсе, Корея визасыз режимді алып тастайды деп отыр. Енді 1600 қазақстандық елге күшпен қайтарылады. Жыл басынан Кореяда бір айдан артық жатқандардың 400-і елге оралыпты.
АРДАҚМӘДИЕВ, ҚР СІМ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Алынған мәлімет бойынша қазір Оңтүстік Кореяда 6900 Қазақстан азаматы тіркелген. Жеті мың десек болады. Оның ішінде 1600-і заңсыз мигрант ретінде есепке алынған. Негізі жоғарыда айтылған келісімге дейін, күшіне енгенше дейін, Кореяда 300 заңсыз мигрант болған еді. (13.04.2016 ж.)
Ал туристерге кесірі тиіп кетпеу үшін министрлік демалушылар барлық құжатын қаттап баруы тиіс дейді.
31.kz
Оңтүстік Кореядан Қазақстанға депортация жасап қайтарылып жатқан азаматтардың тағы бір легі келді
Последние статьи автора