"Өмір сүргім келмейді": Тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмған 4 жастағы бүлдіршіннің әкесі отбасының қазіргі жағдайы туралы айтты

Қаңтардағы бүлік кезінде бірнеше бала қайтыс болды. Солардың бірі – Айкөркем Меделхан. Айкөркемнің әкесі 44 жастағы Айдос Меделхан қызының 7 қаңтарда көлікке оқ атылғанда көз жұмғанын айтады. Қайғылы оқиғадан соң отбасының шырқы бұзылған. Бауырларының өлімін өз көзімен көрген балаларға психикалық зақым келген. Марқұм болған бүлдіршіннің әкесі қазіргі жағдайлары туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Айкөркем және оның отбасы, жеке архивтен

Бес баланың әкесі сол күнді үлкен мұңмен еске алады. Айтуынша, өзі де, балалары да болған оқиғадан шок алған. Өмір сүргім келмейді, деп күрсінеді ол. Айдос Меделхан қазіргі уақытта денсаулығына байланысты жұмыссыз. Тек жұбайы жұмыс істейді, отбасы жалдамалы пәтерде тұрады.

“Алматыда тұрып жатқаныма 28 жыл болды. Үлкен балам екеуміз осы оқиғаға дейін такси жүргізушісі болып нәпақа таптық. Жолдасым балабақшада жұмыс істейді, айлығы 80 мың теңге. Жалдамал пәтерде тұрамыз, оған айына 150 мың теңге төлейміз.

Бес балам бар. Үлкен балам Бауыржан 18-де, одан кейін Жанель 16 жаста, мектепте оқиды, үшнші ұлым Бекислам – 8 жаста, 2-сыныпта оқиды. Кенже қызым Айкөркем 4 жаста еді, ал ең кішісі Рамазан 2 жаста. Әдетте балалар балабақша, мектепте болады. Сол күні бәріміз үйде болған едік”, – дейді бес баланың әкесі.

Айкөркем және оның отбасы, жеке архивтен

Айдос Меделхан қайғылы жағдай 7 қаңтарда кешкі уақытта болғанын айтады. Сол күні үлкен баласы үйде таусылған азық-түлікті алу үшін сыртқа шықпақ болған. Үйдегі балалар ағаларымен бірге ере шығыпты.

“7 қаңтарда кешкі сағат 6,7 шамасында бәріміз үйде болдық. Мен жуынып жатқан кезде балам ең қажетті деген азық-түлікті: нан, сүтті алып келуге кеткен. Кішкентайлар “аға, мен де барамын” деп қосылып кете барған. Үйдің жанындағы дүкендер жабық болып, ұлым көлікпен ары қарай қалаға шығып кеткен. Көлікте ұлымнан басқа үлкен қызым Жанель, кіші қызым Айкөркем, ортаншы ұлым Бекислам болған. Кіші балам ғана үйде қалған.

Үлкен ұлым Бауыржан дүкен іздеп Сейфуллин Сатпаев көшелерінің қиылысына шығып кеткен. Бұрылып қайтайық деп, Желтоқсан көшесіне жете берген кезде әкімдіктің алдындағы жерасты жолының маңында көлікті автоматпен атқылай бастаған. Көлік түгел тесілген. Бұл баламның көлігі еді. Жол жөнекей дүкеннен заттарды алып, нан таппай, тағы бір жерлерді қараймыз деп бұрылғанда болып тұр”, – дейді ол.

Айтуынша, отбасы тәртіпсіздіктер кезінде далаға шықпағанын айтады. Үй маңындағы дүкендердің бірқатары тәртіпсіздіктер кезінде жабылып қалған.

“Келіншегім 5 күні митинг болып жатқандықтан балабақшалар істемейді деді. Содан соң үйден шықпадық. Біртіндеп дүкендер жабыла бастады. Балам Сейфуллин көшесіне дейін барып, сонда көлігі өшіп жүрмей қалған. Ұлкен балам, үлкен қызым мен кенже қызыма оқ тиіп отыр. Ұлымның иығына, қолына, басына оқ тиген. 

Меделхановтар отбасы

Бірден 103-ке хабарласып, жолда өтіп бара жатқан көлікті тоқтатқан. Сол көлікке отырып, Қалалық жедел жәрдем ауруханасына барған. Ол жақта кәмелетке толмаған бала болған соң балалар аураханасына жіберген. Оған қарамастан, ұлым кішкентай қарындасын қолына көтеріп, ішке кірген. Артынша үлкен қызымды да алып сонда қалдырған. Дәрігер маған аруханадан хабарласып, балаларыңыз осында деп шақырды”, – дейді Айдос Меделхан.

Үйдің кенже қызы 4 жастағы Айкөркемнің оқ маңдайына тиген.

“Жүрегі тоқтап қалыпты. Көп қан жоғалтқанын айтты. Ауруханаға жетпей қайтыс болған деді. Қызым жүрегімде мәңгілікке қалды. Жаңадан сөйлеп, ойнап, шапқылап жүрген еді. Үйге кіргенде “әкешім” деп құшақтаушы еді. Көз алдымда жүрген қызымды жоғалттым. Өмір сүргім келмейді. 2 жастағы баламды көріп, ашуымды басам, алданамын. Қызыма ертерек кеткім келеді. Күнде түс көремін. Түсімде “әкешім кетпеші” деп, қызым жылап тұрғандай болады”, – дейді ол Айдос Меделхан мұңлы дауыспен. 

Ал отбасындағы үлкен қыздың аяғынан бастап кеудесіне дейін оқ тиіп, қазір ауруханада жатыр. Әкесінің айтуынша, үлкен қызы Жанельге тиген соңғы оқ денесінен әлі шығарылмаған. 

“Бел омыртқа аумағында тұр. Алынуы қиын дейді, сондықтан әлі ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты. Денсаулығын дұрыстаса деп отырмыз”, – дейді ол.

Айдос Меделхан қазір қалаға шықса үлкен ұлын өзімен бірге ертіп жүретін болған. Осылай ашуым басылады дейді ол. Бауырларының қазасын көзімен көрген балаларға қайғылы оқиға қатты әсер еткен. Психологиялық зақым алған. Әкелерінің сөзінше, арнайы мамандарға балаларды апарған, үйге де шақыртқан. Алайда үнемі барып тұруға жағдайымыз жоқ деп отыр.

“Ортаншы ұлым 8 жастағы Бекислам сол күні қызымның қасында болған. Қазір кішкентай балам кез келген тықырлаған дыбысты естісе, бұрышқа тығылады, жылайды, шошып қалған ғой. Ал үлкен ұлым болса “Әке, қарындасыма көмектесе алмадым” деп жылайды. Қазірдің өзінде балам жылап отыр. Психикасына зиян тиді. Қазір тұрып жатқан үйге барғылары келмейді”, – дейді ол.

Бес баланың әкесі бұл хабарды естігенде өте жаман күйде болғанын айтады.

“Кез келген әскери киім киген адам мен үшін дұшпан сияқты көрінеді. Әрине, олардың бәрі бірдей емес екенін білемін. Табылған оқтар тек әскерилермен қолданылады”, – дейді ол.

Полиция бұл үшін ешкім мойнына жауапкершілік алмайды деп айтып, шығарып салған. 

Бақытжан Сағынтаев пен Алматы қаласының Түркісіб ауданының әкімі Меделхановтар отбасының үйіне келіп, көңіл айтқан. Үш бөлмелі пәтер бөлінеді деп уәде еткен. Бірақ Айдос Меделханның айтуынша, ол пәтердің кілтін де, құжатын да көрмеген. 

“Қалалық әкімшілікке бірнеше рет бардым. Әкім ауысып жатыр деп шығарып салады. Әкім шықпаса да, орынбасарлары шығуы керек қой. Ешқайсысы сөйлеспейді, нәтиже, өзгеріс жоқ. Көліктің тұрғанына бір айдан асты. Көлік ұсынса, такси айдап өз күнімізді өзіміз көрер едік, ешкімнің осы уақытқа дейін нан сұраған жоқпын”, – дейді ол.

 

Отбасыға материалдық көмек берем деушілерге реквизиттер: 

АО Kaspi Bank

IBAN: KZ09722C000016889635

+707 838-37-98

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста