Алматы облысының Райымбек ауданындағы Ойқарағай көмір кенішінің «Бүркіт отын энергетикалық компаниясы» ЖШС-на тиесілі телімде өрт шықты. Ашық әдіспен қоңыр көмір өндіретін кеніште қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған.
Абырой болғанда, оқиға орнында адам өлімі мен зардап шеккендер жоқ. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі Қанат Байұзақовтың айтуынша, өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 15 қызметкері мен екі техникасы, «Орман шаруашылығы» ММ-ның бес маманы мен бір техникасы және «Бүркіт отын энергетикалық компаниясы» ЖШС-нің сегіз қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылып, тілсіз жау 2 сағат 15 минут ішінде ауыздықталған. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт кәсіпорын қызметкерлерінің техникалық қауіпсіздік мәселесіне немқұрайды қарағандығынан шығуы мүмкін.
Ойқарағай көмір кенішінде өрт шықты
Последние статьи автора