Облыстың бас полицейі жеке құрам үшін ерекше форматта өте маңызды кездесу ұйымдастырды

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің бастамасымен және төрағалығымен "ҚР Президенті мен ҚР ІІМ тарапынан беріліп жатқан тапсырмалар мен орын алып жатқан оң өзгерістерді барлық жеке құрам назарына жеткізу, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шаралар туралы" маңызды жиын өтті. Маңызды шараға облысқа қарасты 17 ауданның жеке құрамы мен консультативтік кеңесші органның мүшелері, Аппараттың басқарма, бөлім басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Түркістан қаласындағы "Конгресс хол" залына ұйымдастырылған жиынды генерал Мұрат Талапұлы өзі жүргізді. Жиынның ерекшелігі модератор мен спикер бас полицейдің өзі болды.

 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының полицияға қатысты айтқан тапсырмалары, Ішкі істер министрінің берген нұсқаулары бар және Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған полицейлердің ұсталуы бейнеленген бейнероликтер ледэкран арқылы жиналғандарға көрсетілді. - 2023 жыл менімен "Қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдері" - жылы деп жарияланды. Демек қалалық және аудандық полиция құрылымдарына, ондағы қызметкерлердің қажеттілігіне басымдық берілетін болады. Қызметкерлерді материалдық жабдықтау бойынша, ғимараттарының жөндеу жұмыстары жүргізіледі! Полиция ол қоғамның айнасы, оның әрбір іс-әрекеті елдің назарында. Жүріс-тұрыс, сөйлеген сөз бен әрбір атқарған іс-әрекет заңды және дұрыс болуы керек. Осыны ұмытпаңыздар! -деп кейбір келеңсіз жайттарды сынға алып, заң аясында жұмыс жасауды ескертті департамент бастығы Мұрат Қабденов.
Сондай-ақ М. Ермеков, О. Жанқожаев, С. Таңатбаев сынды ардагер полицейлер сөз алды. Олар қызметте жүрген полицейлермен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін жеткізді. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да ұдайы іске асып, "жұртқа жақын полиция қағидаты" жалғаса бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста