Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үйдің қабырғасы құлады. Видео Facebook-тегі парақшада пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Автордың сөзінше, оқиға Мұстафин мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы ("Жастар-4") тұрғын үй кешенінде болған.
"Қабырғасы құлап қалды. Тікелей төменге. Ешкім болмағаны жақсы болды. Адамдар қарап тұр. Құрылыс құлап жатыр", - деді видеоны түсірген куәгер.
 
"Ол көп ұзамай құлап кетеді. Он жылға жуық уақыт болды, бұл үлескерлердің ақшасы ғой, бір жағы қоныстанды, екіншісі құлап жатыр, қалайша құрылыс жүргізуге жол беруге болады, учаскі кішкентай, нысан үлкен. Олар бұл нысанды аяқтамайды", - деп жазды пайдаланушы Айнагүл Бегенова.
Проблемалық нысандардың құрылысын аяқтаумен және жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысымен айналысатын "Елорда Құрылыс Компаниясы" жағдайға түсініктеме берді.
"Техникалық зерттеуге сәйкес, қабырғаның бұл бөлігі апатты деп танылды. Жобаны түзету кезінде қабырға бөлігін бөлшектеу/монтаждау қарастырылған. Қазіргі уақытта жұмыстар жобалық шешімдерге сәйкес жүргізілуде", - делінген түсініктемеде.
"Жастар-4" тұрғын үй кешені - үлестік құрылыстың проблемалы объектілерінің бірі. Бұған дейін оған елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында келген болатын.
Әкімдікте хабарлағандай, 2020 жылы жиырма проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады.