Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары мен студенттері қашықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы хабар елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің Telegram каналында пайда болды.
"Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті білім бөлімінің 2021 жылғы 05 наурыздағы шешімі бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектептерде 1 ауысымның 0-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушылары үшін, сонымен қатар колледждерде 1-2 курстың студенттері үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Қалада бұрқасын болып, қатты жел15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп болжанып отыр.